Олимпиада кезінде велоспортта үнемі сенсация болады. 2012де Александр Винокуровтың жеңгені көпшілікті таңқалдырды. Қасында жүрген жалғыз грегориі Асан Базаевтың еңбегін де атап өтуіміз керек. Базаев болмаса бас жүлде қайдан. Ригоберто Уран да мәре сызығының алдында болмайтын қателік жасап, позициясынан айырылды. 2016 Рио Олимпиадасының вело жарысын мен "Хабар" арнасынан жүргіздім. Соңғы 15 шақырымы нағыз шоу болды. Қазақстан атынан барған Александр Зейц Копакабана жағалауына түсетін түзу жолға бұрылған кезде 7 орында келе жатты. Үштікке еніп кете ме деген үміт болды. Бірақ, Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы сол 7-орыннан ары көтеріле алмады. Грег Ван Авермат пен Жақып Фульсанг алғашқы екі орынды бөлісті де кетті. Даниялық Фульсанг біздің "Астанада" велесебет теуіп жүргеніне біршама жыл болды. Осы жолы ол "Астана" Примьер Тех командасының шабандозы Алексей Луценкоға көмектесіп жіберсе тамаша болар еді. Сосын Алексейге көмектесетін екі шабандозымыз бар. Вадим Пронский мен Дмитрий Груздьев. 2 адам Қазақстан құрамасынан, тағы 1-2 шабандоз өзге құрамадан көмектессе, Леша Токиода медаль алуы мүмкін. Айтпақшы, бұл жігіт биыл "Тур де Франстың" ТОП 10-дығына енді. Жалпы қазіргі бабы жаман емес. https://t.me/aladopkz/4020

Теги других блогов: спорт велоспорт Олимпиада